«Шығармашыл кітапханашы-2023» облыстық байқауының қорытындысы
05-05-2023 09:42
«Шығармашыл кітапханашы-2023»  облыстық байқауының қорытындысы

       2023 жылдың 02 наурыз - 26 сәуір аралығында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы білім беру ұйымдарының кітапханашылары арасында «Шығармашыл кітапханашы-2023» облыстық байқауын өткізді.   

          Байқаудың мақсаты: кәсіби құзыреттілікті оңтайлы меңгергенін көрсететін талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін кітапханашыларды анықтау, оларды қолдау және көтермелеу болып табылады.

         Байқаудың міндеттері:

- кәсіби шеберлік деңгейін арттыру үшін жағдай жасау;

- жұмыстың креативті және жаңашыл түрлерін айқындау мен енгізу;

- саланың кәсіби құндылықтарын және кітапханалық қызмет көрсету сапасының жоғары стандарттарын кеңінен тарату;

- кітапханашы мамандығының оң имиджін қалыптастыру.

Байқау жұмыстары екі бағыт бойынша қабылданды:

- «Буктрейлер - оқушыларға оқуды белсендірудің инновациялық құралы ретінде»бейнетүсірілім (кез келген кітап туралы еркін көркем түрде баяндайтын бейнеролик) ұсынылады.

-«2023 жылы мерейтойы аталып өтілетін ақын-жазушылардың шығармашылығын насихаттау» кітапхана ресурстары пайдаланылған кітапхана сабағының әдістемелік әзірлемесі.

 Аталмыш бағыттар бойынша жалпы 65 жұмыс келіп түсті.

 

Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз!

Буктрейлер - оқушыларға оқуды белсендірудің инновациялық құралы ретінде»  номинациясы бойынша:

І орынКанатова Бахыт Есеновна, Балқаш қаласының «А.Ермеков атындағы мектеп-лицейі» КММ кітапхана меңгерушісі.

ІІ орын Нарманова Гульмариям Ибрагимовна, Шет ауданының «Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясы» КММ кітапханашысы;Утеубаева Света Абдрашитовна, Теміртау қаласының «Ә.Бөкейхан атындағы гимназия» КММ кітапхана меңгерушісі.

III орынШуленко Татьяна Владимировна, Қарағанды қаласының «№25 жалпы білім беретін мектебі» КММ кітапханашысы; Фартова Светлана Владимировна, Саран қаласының «№1 мектеп-лицейі» КММ кітапханашысы; Сулейменова Айсулу Баймурзаевна, Теміртауқаласының «№27 жалпы білім беретін мектебі» КММ кітапханашысы.

Алғыс хатпен марапатталды

- Жармаганбетова Айнагуль Хайратовна, Қарқаралы ауданының «Көктас ауылы №4 жалпы білім беретін тірек мектебі» КММ кітапханашысы;

- Жарылкапова Марина Утеубаевна, Қарағанды қаласының «Ә.Бөкейхан атындағы мектеп-гимназиясы» КММ кітапханашысы;

- Святоха Екатерина Алексеевна, Саран қаласының №16 жалпы білім беретін мектебі» КММ кітапхана меңгерушісі;

- Арықбаева Гаукар Кадильбековна, Қарқаралы ауданының «Бүркітті ауылы №20 жалпы білім беретін мектебі» КММ кітапханашысы;

- Темченко Наталья Валерьевна, Абай ауданының «П.Корниенко атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ кітапхана меңгерушісі:

- Тойшыбекова Ботакоз Болатбекқызы, Балқаш қаласының «Ә.Бөкейхан атындағы №15 мектеп-лицейі» КММ кітапханашысы;

- Сухова Вера Ивановна, Теміртау қаласының «№27 жалпы білім беретін мектебі» КММ кітапхана меңгерушісі;

- Маркова Людмила Александровна, Осакаров ауданының «№9 гимназия базасындағы тірек мектебі (РО)» КММ кітапханашысы;

- Емершина Айгерим, Қарағанды қаласының «Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-лицейі» КММ кітапханашысы;

- Кириакиди Ирина Юрьевна, Қарағанды қаласының «№9 арнайы мектеп-интернаты» КММ кітапхана меңгерушісі.

 

«2023 жылы мерейтойы аталып өтілетін ақын-жазушылардың шығармашылығын насихаттау» номинациясы бойынша:

І орынИшутина Любовь Кузьминична, Саран қаласының «№7 мектеп- интернаты» КММ кітапхана меңгерушісі.

ІІ орын Соколенко Елена Владимировна, Теміртау қаласы «№7 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің кітапхана меңгерушісі.

III орынЛуценко Елена Геннадьевна, Қарағанды қаласының №23 жалпы білім беретін мектебі «КММ кітапхана меңгерушісі.

Алғыс хатпен марапатталды

- Оспанова Алия Куановна,Қарағанды қаласының «К.Нұржанов атындағы гимназия» КММ кітапхана меңгерушісі;

- Қордабай  Зарина Төлегенқызы,Ақтоғай ауданының «Сарышаған кенті жалпы білім беретін мектебі» КММ кітапханашысы;

- Тарабрина Елена Евгеньевна, Саран қаласының «№2 жалпы білім беретін мектебі» КММ кітапхана меңгерушісі;

- Ержанова Сандугаш Нурахметовна, Ақтоғай ауданының «Тасарал жалпы білім беретін мектебі» КММ кітапханашысы;

- Бекбулатова Эльмира Джолдасбаевна, Зайткешова Асем Муратовна, Теміртау қаласының «№9 лицей» КММ кітапханашылары.