Размер шрифта:
«Заманауи білім беруде Қанипа Бітібаеваның инновациялық технологиясы мен педагогикалық тағылымы» облыстық панорамалық сабақтар байқауы
11-05-2023 15:42
«Заманауи білім беруде Қанипа Бітібаеваның инновациялық технологиясы мен педагогикалық тағылымы» облыстық панорамалық сабақтар байқауы

      2023 жыл 11 мамыр «Заманауи білім беруде Қанипа Бітібаеваның инновациялық технологиясы мен педагогикалық тағылымы» облыстық панорамалық сабақтар байқауының ақтық кезеңі Қарағанды қаласы, Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде өткізілді.

Панорамалық сабақтар байқауының арнайы қонағы ретінде ұлағатты ұстаз Күліш Төлеуханқызы және Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты директорының инновациялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Бақытгүл Омарғалиқызы шақырылды. Профессор, Қарағанды облысы білім басқармасы басшысының кеңесшісі, ҚР ұлттық білім Академиясының корреспондент мүшесі Қонтаев Сабит Сеитович қазылар алқасының төрағасы ретінде қазылық жасады.

Іріктеуден өткен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері 2 бағыттан тұратын ақтық кезеңге қатысты. «Шеберлік белгісі – түрлі әдісті болу» бағыты бойынша 6 мұғалім үздік сабақ жоспары бойынша шеберлік сабақтар беріп, іс- тәжірибелерін ортаға салды. Нәтижесінде Нұра ауданы, К.Мыңбаев атындағы ЖББМ мұғалімі Шахметова Айнур Кашкынбаевна – І орын, Қарағанды қаласы, №36 ЖББМ  мұғалімі Қасым Гүлбаршын Медетқызы - ІІ орын, облыстық Мұрагер ММЛИ мұғалімі Жақсыбаева Куралай Бодеевна – ІІІ орын иеленді. ІІ бағыт бойынша 9 мұғалім панорамалық сабақтарын «Q talks» жобасы негізінде қорғап, өз сабақтарындағы үзінділерден құндылықтарды аша білді. Нәтижесінде Ақтоғай ауданы, «Қошқар» тірек мектебінің мұғалімі Бейсембина Айжан Темешбаевна – І орын, Қарқаралы ауданы, Талды ауылы №19 ЖББ тірек мектебі мұғалімі Жилмасова Айнур Жуманбаевна – ІІ орын, Қарағанды қаласы, А.Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназиясы мұғалімі Акаева Айнур Кайыржановна – ІІІ орынмен марапатталды. Қалған қатысушы мұғалімдерге Алғыс хаттар берілді.

Байқау соңында Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің «Жас Сарбаздар» тәрбиеленушілері шағын концерт қойып, мектеп ұстаздарынан құралған «Назқоңыр» квартетінің орындауында «Сарқылмайтын сағынышым –Хан апа» әнімен шараны аяқтады. Әннің сөзін жазған әріптесіміз, қазірде Әлихан Бөкейхан атындағы мектептің директоры Айнұр Жаппарқұлова, әуенін жазған Ұлан ауданы, Балалар музыка мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ержанұлы Досжан.   

          Іс-шараға 200-ге жуық педагогтер қатысты.