Балалар қауіпсіздігі жаттықтырушыларының жұмыс тәжірибесі бойынша семинарлар
12-05-2023 17:47
Балалар қауіпсіздігі жаттықтырушыларының жұмыс тәжірибесі бойынша семинарлар

       2023 жылдың10-12 мамырында Қарағанды облысындабілім беруді дамытудыңоқу-әдістемелік орталығы балалар қауіпсіздігі бойынша жаттықтырушылардың жұмыс тәжірибесін таратусеминарларынөткізді.

Семинар барысында облыстың 12 өңірінің жаттықтырушылары қауіпті жағдайларда жасөспірімдердің мінез-құлқының дағдыларын дамыту   тәжірибесін, білім беру ұйымдарында білім алушылар арасында буллинг пен кибербуллингтің алдын алу шараларын, қауіпсіз кеңістікті қалыптастыруда  педагогтермен және ата-аналармен жұмыстың неғұрлым тиімді нысандарын көрсетті.