Қарағанды облысы педагогтеріне арналған әдістемелік күн
17-08-2023 08:28
Қарағанды облысы педагогтеріне арналған әдістемелік күн

      Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылғы 17 тамызда ZOOM режимінде мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттардың, облыстың химия, биология пәні мұғалімдері және қалалық/аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері үшін әдістемелік күн өткізді.

Әдістемелік күн барысында ББД ОӘО әдіскері З.И. Тукбаева 2022-2023 оқу жылында химия және биология пәндері бойынша атқарылған әдістемелік жұмыстарға талдау жасап, 2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен таныстырды.2023-2024 оқу жылында орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру ерекшеліктері бойынша нұсқаулық-әдістемелік хат талқыланды.

Сондай-ақ, әдістемелік күн барысында Қарағанды, Балқаш, Саран қалалары, Бұқаржырау, Осакаров аудандарының әдіскерлері оқу үдерісінде критериалды бағалауға тоқталып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудағы іс-тәжірибелерін көрсетті.

Әдістемелік күн 2023-2024 оқу жылына ұсыныстар қабылдауымен өз мәресіне жетті.

Қатысушылар саны: 250