Размер шрифта:
Қарағанды облысының Ресурстық орталықтардың және шағын жинақты мектептердің директорлары мен орынбасарларының әдістемелік күні
18-08-2023 11:49
Қарағанды облысының Ресурстық орталықтардың және шағын жинақты мектептердің директорлары мен  орынбасарларының әдістемелік күні

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 18 тамыз күні онлайн режимде «Ұлттық құндылыққа негізделген тәрбие мен білім» тақырыбында Ресурстық орталықтардың және шағын жинақты мектептердің директорлары мен  орынбасарларының әдістемелік күні өткізілді.

«Ауылдық шағын жинақты мектептерде білім беру қызметінің сапасын арттыру, оқытудың заманауи әдістері мен тәсілдерін игеру мен оларды оқу процесінде жүзеге асыру арқылы шағын жинақты мектеп педагогтерінің кәсіби шеберлігін жетілдіру» мақсатында өткен әдістемелік күн аясында «2022-2023 оқу жылында шағын жинақты мектептердің, Ресурстық орталықтардың жұмысын үйлестіру бойынша атқарылған жұмыстардыңталдауы», «2023-2024 оқу жылының жұмыс жоспары» қаралып, «2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хаттың жобасы таныстырылды (Толеубаева Г.А. ББД ОӘО әдіскері).

 «Ресурстық орталықтардың магниттік шағын жинақты мектептермен сессиялық және сессияаралық жұмыстарды ұйымдастыруы: мәселелері, шешу жолдары», «Lesson Study-педагогтың кәсіби дамуы» тақырыптарында Қарқаралы, Бұқар жырау аудандарының педагогтері өз тәжірибелерімен бөлісті:

Хасенова Жанар Кабдраймовна– Қарқаралы ауданы, ЖББ №19 Тірек мектебі директорының орынбасары;

Сармантаева Толкын Картабаевна- Бұқар жырау ауданы Керней тірек мектебі (РО)» КММ директорының орынбасары, бастауыш сынып мұғалімі.