«WorldSkills Kazakhstan 2023» VIII Республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты
27-11-2023 09:08

         2023 жылғы 22-27 қараша аралығында Астана қаласында «WorldSkills Kazakhstan 2023» VIII Республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты басталады.

         Чемпионатқа 26 жас маман, Қарағанды облысының өңірлік чемпионатының жеңімпаздары қатысады. Оларкелесі 25 сұрансысқа ие құзыреттер бойынша сайысқа түседі: «Кірпіш қалау», «Кондитерлік іс», «Сырлаужәне сәндік жұмыстар», «Прототиптеу», «Плиткамен қаптау», «Наубайхана ісі», «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету», «Мейрамхана қызметі», «Дәнекерлеу технологиялары», «Желілік және жүйелік әкімшілендіру», «Сандық басқармамен басқарылатын станоктардағы токарлық жұмыстар», «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары», «CAD инженерлік графикасы», «Электрмонтаждықжұмыстары», «Электроника», «Шаштараз өнері», «Аспаздық іс», «Web-дизайн және әзірлеу», «Графикалық дизайн», «Сән технологиясы», «Бастауыш сыныптарда оқыту», «Мобилді робототехника», «Шанақ жөндеу», «Визуалды мерчендайзинг жәневитринистика», «Сантехника және жылыту».

        Қарағанды облысының қатысушылары «Жас маман» республикалық жобасы шеңберінде заманауи жабдықтармен жарақтандырылған 11 құзырет орталығында және облыстың жетекші кәсіпорындарының базаларында өз шеберліктерін шыңдап жатыр.

       «WorldSkills Kazakhstan 2023» республикалық чемпионаты «EXPO» Халықаралық көрме орталығының алаңында және Астана қаласының колледждерінің базасында өтеді.

       WorldSkills қозғалысы жұмысшы мамандықтарын танымал етуге,  беделін арттыруға бағытталған және білікті кадрларды даярлауда жаңа трендтер жасайды.