Жас педагог-психологтерге арналған тренинг
09-11-2023 12:14
Жас педагог-психологтерге арналған тренинг

2023 жылдың 09 қарашасындаҚарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Білім беру ұйымдарында қорқытудың, келеңсіздіктің алдын алу бойынша педагог-психологтың жұмысындағы кейс-менеджмент»тақырыбында жалпы білім беретін ұйымдарының жас педагог-психологтеріне қазақ тілінде тренинг өткізілді.

Тренинг барысында қатысушылар стигматизация ұғымы мен механизмдерін қарастырып, оның алдын алу бойынша жаттығулар орындады. Топтық жұмыстың нәтижесінде мектеп ішіндегі буллинг жағдайларының алдын алу бойынша ситуациялық кейстер қарастырды.

Тренингті психология саласындағы әлеуметтік ғылымдар магистрі, «Дара» қайырымдылық қоры «Тәлімгерлер» жобасының психологі, «Smart Ustaz» жобасының тренері Л. У. Есназарова өткізді.