Анонс
01-12-2023 15:21

Анонс

 

         Педагог кәсібінің мәртебесін көтеру, педагогикалық кредосын, жеке потенциалын көрсету және облыс мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін ынталандыру мақсатында жыл сайын «Жыл мұғалімі» облыстық байқауын өткізеді.

         «Жыл мұғалімі» облыстық іріктеу конкурсының екінші кезеңі 13-17 қараша аралығында қалалар мен аудандардың, арнайы білім беру ұйымдарының мұғалімдері үшін өтеді, 20-24 қараша аралығында Қарағанды облысының мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының педагогтері үшін конкурс өткізіледі.

          Екінші облыстық іріктеу кезеңіне 13 аудан/ қаладан, 10 мамандандырылған мектеп - интернаттан мұғалімдер және облыстың арнайы (түзету) мектеп – интернаттарынан 10 педагог қатысады. Мұғалімдер сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізеді.

          Екінші іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша аудандардан/қалалардан алты және облыстық білім беру ұйымдарынан бір (арнайы және мамандандырылған мектеп-интернаттардан)  мұғалімнен  жеңімпаз анықталады.

         Желтоқсан айында байқаудың үшінші қорытынды кезеңі өтеді.      Конкурстың 3 кезеңінің қорытындысы бойынша төрт жүлделі орын анықталады: Гран-при, 1 орын, 2 орын және 3 орын және төрт номинация конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері грамоталармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады:

- Бас жүлде - 350 000 теңге;

- 1 орын-200 000 теңге;

- 2 орын -150 000 теңге;

- 3 орын -100 000 теңге;

 - «Үздік сабақ үшін» - 50 000 теңге;

- «Үздік сыныптан тыс іс-шара үшін» - 50 000 теңге;

 - «Үздік Үй тапсырмасы үшін» - 50 000 теңге;

 - «Көрермендер көзайымы сыйлығы» - 50 000 теңге.

 

          Байқауға қатысушыларға сәттілік тілейміз!