Размер шрифта:
«Абай ілімі – ұлттың ұлы мұрасы» бейне-пресс- құрылтайы
01-12-2023 21:12
«Абай ілімі – ұлттың ұлы мұрасы» бейне-пресс- құрылтайы

      Қарағанды облысының білім басқармасы, ҚО ББД оқу-әдістемелік орталығының және Абай даму Альянсы мектептерінің жоспарына сәйкес Абай ауданының Абай  Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназиясында 2023 жылдың 1 желтоқсанында «Абай ілімі –ұлттың ұлы мұрасы»  атты облыстық  бейне-пресс-құрылтайы өткізілді. 

Мақсаты: Замана талабына сай ұлы Абай ұлағаты мен  ұлттық құндылықтарды  бойына сіңірген жасампаз азаматты тәрбиелейтін кеңістік құру.

Құрылтайға Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті «Абайтану» ғылыми-зерттеу орталығының атқарушы директоры, «Хакім Абай» қоғамдық қорының президенті Шойынбет Жабалбай Алшынбекұлы; ақын, Қазақстан Республикасы жазушылар одағының мүшесі, «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығының директоры Габдуллина Алмахан Мухаметкалиевна; Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті филология факультетінің деканы,  қауымдастырылған профессор Түйте Елдос Ерғазыұлы; Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы, әдебиеттанушы ғалым, сыншы, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі Смагулов Жандос Кожахметулы;  Бүкілодақтық телевизиялық «Жігер» фестивалінің лауреаты, ҚР Мәдениет министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері Әли Тойжігіт; профессор, Қарағанды облысы білім басқармасы басшысының кеңесшісі, ҚР ұлттық білім Академиясының корреспондент мүшесі Қонтаев Сабит Сеитович; Қарағанды облысы білім беруді дамыту жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшесі, ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері Смагулова Ғазиза Ғабдоллакызы сынды білікті мамандар мен Абай даму альянсы мектептерінің директорлары, облыс педагогтері мен оқушылар қатысты.

Құрылтай аясында екі бағыт бойынша, атап айтқанда Абай шығармалары бойынша TEDx  жобаларын қорғау, қара сөздері бойынша Саундтрек бағытындағы алаңдар жұмыс жасады.
          Құрылтайдың пленарлық отырысында  Абайтанушылар   ұлы ойшылдың шығармаларындағы терең ойды бүгінгі ұрпақ тәрбиесімен үндестіріп, өз баяндамаларында Абайдың рухани мұрасына жан-жақты талдау жасады.

Құрылтайдың соңы мектеп ұжымы дайындаған «Абай мұрасы-ұрпаққа ұлағат» әдеби музыкалық композициясымен аяқталды.«Абай ілімі – ұлттың ұлы мұрасы» аймақтық бейне-пресс-құрылтайын 2024 жылы өткізу Абай даму альянсы мектептерінің құрамындағы  Саран қаласы білім бөлімінің Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінежолданды.

Шараға онлайн режимінде 200-ден артық көрермен, офлайн форматта 100-ге жуық адам қатысты.