«Экологиялық әліппе: отбасында экологиялық тәрбиені неден бастау керек» тақырыбындағы дөңгелек үстел
05-12-2023 14:49
 «Экологиялық әліппе: отбасында экологиялық тәрбиені неден бастау керек»   тақырыбындағы  дөңгелек үстел

      2023 жылдың 05 желтоқсанында  Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы қалалық және аудандық білім бөлімдерінің  экология бағытына  жетекшілік ететін әдіскерлер, білім беру ұйымдары директорларының тәрбие істері жөніндегі орынбасарлары мен жаратылыстану бағытындағы педагогтерге «Экологиялық әліппе: отбасында экологиялық тәрбиені неден бастау керек» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізді.

        Дөңгелек үстелдеБұқар жырау ауданы «Белағаш жалпы білім беретін мектебі» КММ педагогтері Сагиева Эльмира Ермекбаевна,    Сайдалина Марина Барлыбаевна, Бейсенбай Жанерке Жанайдаровна,Нармұратов Мұрат Әлішерұлы экологиялық мәдениетті отбасында дамыту бойынша іс- тәжірибелерімен бөлісті.