Анонс
23-02-2024 10:18
2024 жылғы 21, 22 және 23 ақпанында «Жас Ғарышкер» мектепке дейінгі робототехника мен бағдарламалаудың қашықтықтан халықаралық фестивалі өтеді. Фестиваль планетаның алғашқы ғарышкері Юрий Гагариннің туғанына 90 жыл толуына ұйымдастырылған. 
Фестивальдің басты мақсаты-мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық белсенділігін дамытуға жәрдемдесу, мектепке дейінгі білім беру робототехникасын танымал ету, мектеп жасына дейінгі балалардың ғарышкерлікке деген қызығушылығын арттыру және мектепке дейінгі ғарыштық білім беруді табысты іске асыру үшін жағдай жасау. 
«Жас Ғарышкер» фестивалі төртінші жыл Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі робототехника мамандары арасында озық тәжірибемен табысты алмасу алаңы болып табылады, ал биылдан бастап ол халықаралық алаңға айналуда.
Жарыс үш санатта өтеді: «ROBOT MOUSE», «ROBОT Bee» және «КОСМОГОРОД» шығармашылық категориясы.
Осы жылдан бастап «Жас Ғарышкер» фестивалі ROBOLAND Халықаралық робототехника және бағдарламалау фестивалінің жарыстар желісіне енді.
«Жас Ғарышкер» фестивалінің ұйымдастырушылары Халықаралық мектепке дейінгі робототехника федерациясы, ҚР БҒМ «Балаларды ерте дамыту институты» РММ, «Kazdidac» білім беру технологиялары Орталығы» ЖШС, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК АҚ болып табылады. 
Фестивальдің демеушісі «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ болды.
Фестивальдің ұйымдастыру комитеті: +7 702 325 91 34, +7 705 332 27 29, kosmo-kids@mail.ru