V Облыстық «ЭКОНОМ и К» олимпиадасы
27-02-2024 11:19
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен «ҚАРЖЫ ӘЛЕМІ» қаржылық сауаттылық апталығы аясында 2024 жылдың 27 ақпанында V облыстық «ЭКОНОМ и К» олимпиадасы өткізілуде. 
Бұл іс-шараның мақсаты дарынды және талантты оқушыларды анықтау, экономикалық білім беру, қаржылық сауаттылық және кәсіпкерлік қызмет саласында олардың одан әрі зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануы үшін оңтайлы жағдайлар жасау. 
Олимпиада мазмұны үш түрлі тапсырмадан тұрды: жабық түрдегі тест тапсырмалары, бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмалары және толық жауапты немесе шешімді талап ететін тапсырмалар. 
БАРЛЫҚ ОЛИМПИАДА ҚАТЫСУШЫЛАРЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!