«Алға қадам» жобасын жүзеге асыру шеңберіндегі колледждердің жас педагогтеріне арналған облыстық семинары
05-03-2024 18:41
«Алға қадам» жобасын жүзеге асыру шеңберіндегі  колледждердің жас педагогтеріне арналған облыстық семинары

      2024 жылдың 05 наурызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Алға қадам» жобасын іске асыру аясында облыстың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының жас инженер-педагог қызметкерлеріне арналған «Заманауи педагог – заман талабы» тақырыбындағы облыстық семинар өткізді.

Оқу үрдісіндегі қолданылатын инновациялық технологиялар бойынша ақпарат беру, педагогикалық тәжірибені жетілдіру мақсатында, ZOOM платформасында өткізілген семинарға облыс колледждерінің 100-ге жуық жас педагогтері қатысты.

Семинарды «Қарағанды облысыныда білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК ТжКББ бөлімінің әдіскері Кнашина А.А. «Оқыту тиімділігі – заманауи технологияларда» тақырыбында сөз сөйлеумен ашты.

Одан кейін, семинар барысында облыс колледждерінің жас педагогтері өз тәжірибелерін ұсынды:

  • Нұрмағанбетов Н.К., «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК оқытушысы, «Білім берудегі тиімді ақпараттық технологиялар» тақырыбында;
  • Мухаммедиева Б.А., «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК оқытушысы, «Оқу процесінде жаңа IT-технологияларды қолдану» тақырыбында;
  • Айдарова Д.Д., «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК оқытушысы, «Оқытуда қолданылатын заманауи онлайн сервистер» тақырыбында;
  • Мақатай Е.А., «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК оқытушысы, «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы - оқыту үдерісінде» тақырыбында.

Семинар соңында қорытындылар жасалып, ұсыныстар берілді.