«JasSkills 2024» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты
05-03-2024 18:41
«JasSkills 2024» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты

2024 жылдың 05 наурызанда Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының басшылығымен Теміртау кәсіптік - техникалық колледжі базасында «JasSkills 2024» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты басталды.

«JasSkills» кәсіби шеберлік чемпионаты-кәсіби бағдар беру жұмысының бір түрі, сондай-ақ алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, WorldSkills қозғалысы негізінде оқушылардың заманауи кәсіби құзыреттіліктерін игеруі.

«JasSkills» кәсіби шеберлік чемпионатының негізгі миссиясы - оқушыларға тез өзгеретін әлемде саналы түрде мамандық таңдауға, білім беру траекториясын анықтауға және болашақта еңбек нарығында өз орнын еш қиындықсыз табуға мүмкіндік беру.

«Аспаз іс» құзыреттілігі бойынша «JasSkills 2024» алғашқы қатысушылары Теміртау қаласының 5 мектебінің білім алушылары болды: «№ 2 ЖМ» КММ; «№ 10 ЖМ» КММ; «Ә. Бөкейхан атындағы Гимназия» КММ; «№ 31 ЖМ» КММ; «№ 27 ЖМ» КММ. Қатысушыларды бағалауды тәуелсіз сарапшылар жүргізді. Тәуелсіз сарапшылар ретінде Теміртау қаласының жетекші кәсіпорындарының өкілдері шақырылды.

Чемпионаттың құрметті қонақтары «Аманат» партиясы Теміртау қалалық филиалы қоғамдық бірлестігінің басшысы Ажиков Нұржан Хамидулаевич және Теміртау қаласының Жастар ресурстық орталығының директоры Елемесов Наурыз Күнімбекұлы болды.

Байқау демеушілеріне жеке алғысымызды білдіргіміз келеді:

 - Теміртау қаласының Жастар ресурстық орталығы директоры Елемесов Наурыз Күнімбекұлына;

 - «Bonaffepai» кондитерлік кофеханасының директоры Дариға Данатқызы Тілеуленоваға;

- «Алмас» дүкені директоры Катарова Гүлмираға;

- Теміртау қалалық мәслихатының депутаты Әбілхасымов Арман Ғабидоллаұлына.

Сондай-ақ, «JasSkills 2024» чемпионаты тағы 15 құзырет бойынша облыстың 5 колледжінің базасында өтеді.