«БОЛАШАҚҚА ЖОЛДАМА» ФОРУМЫ АЯСЫНДАҒЫ «ҮЗДІК КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУШІ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ
18-03-2024 17:48
«БОЛАШАҚҚА ЖОЛДАМА» ФОРУМЫ АЯСЫНДАҒЫ «ҮЗДІК КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУШІ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ

      Қарағанды облысының білім беруді дамытудыңоқу-әдістемелік орталығы 2024 жыл 18 наурыз күні онлайн режимде «Үздік кәсіби бағдар беруші»кәсіптік бағдар беру жұмысының педагогтары мен үйлестірушілерінің кәсіптік шеберлік байқауының облыстық іріктеу кезеңін өткізді.

Облыстың: Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Қарқаралы, Нұра, Шет аудан/қалаларынан 42 педагог пен кәсіптік бағдар беру жұмысын үйлестірушілер қатысты.

«Болашаққа жолдама» форумына жолдама алғандар: Давлятова Рано Садыковна, Теміртау қ. «№ 9 Лицей» КММ, Морозова Марина Вячеславовна, Шахтинск қ. «Оқушылар сарайы» КММ, Ибраева Рымкуль Камиловна, Малмалаева Светлана Владимировна, Теміртау қ. «Теміртау жоғары политехникалық колледжі», Муслимова Гүлзат Советовна, Қарқаралы ауданы «Мәди Бапиұлы атындағы № 44 ЖББМ» ҚММ, Әбеуова Әлия Шоқанқызы, Нұра ауданы «Р.Қошқарбаев атындағы ЖББМ» ҚММ, Сағындықова Әйгерім Жанғазықызы, Шет ауданы «Ы.Алтынсарин атындағы ЖББМ» КММ, Винокурова Оксана Викторовна, Теміртау қ. «Балалар технопаркі «Балалар мен жасөспірімдердің техникалық шығармашылық мектебі» КМҚК, Пиджигитова Алтынай Темірбекқызы, Қарағанды қ., «Арнаулы № 6 мектеп-интернаты» КММ.

Барлық жұмыстар толық көлемде ұсынылды және олардың әрқайсысы өзіндік ерекшелігімен, кәсібилігімен және шығармашылығымен ерекшеленді! Облыстық деңгей жемісті ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу атмосферасында өтті.

Біз барлық қатысушыларға белсенділігі, ынта-жігері және өз ісіне бей-жай қарамағаны үшін алғыс айтамыз!