«Worldskills Karaganda-2024» аймақтық чемпионатының сарапшыларына арналған облыстық оқыту семинары
19-03-2024 17:53
«Worldskills Karaganda-2024»  аймақтық чемпионатының сарапшыларына арналған облыстық оқыту семинары

      2024 жылдың19 наурызында Қарағанды облысында білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы «Worldskills Karaganda-2024» чемпионатының негізгі ережелері, чемпионаттарды өткізу құрылымы, бағалау, қағидалары мен Әдеп кодексінің негізгі ережелері бойынша облыстық оқыту семинарын ұйымдастырды.

Семинардың мақсаты:«WorldSkills Karaganda-2024» чемпионатына қатысатын сарапшыларды қағидалардың негізгі ережелерімен, чемпионаттарды өткізу құрылымымен, бағалау тәртібімен және әдеп кодексімен таныстыру.

Спикер ретінде «WorldSkills International-2022» сарапшы-компатриоты, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК құзыреттер орталығының меңгерушісі Лизогуб Олег Владимирович сөз сөйледі. Өз сөзінде ол «WorldSkills Kazakhstan» Чемпионаттарын өткізу қағидаларының жұмыс принциптеріне, чемпионаттарды өткізу құрылымынатоқталды. Ол чемпионаттың конкурстық құжаттамасының шамамен толтырылуын іс жүзінде көрсетті. Алаңдағы жұмыс тәртібімен, сондай-ақ Әдеп кодексімен таныстырды.

Семинар соңында педагогтер пікір алмасып, проблемалық мәселелерді шеше алатын диалог алаңы ұйымдастырылды.

Чемпионаттың 200 сарапшысы қамтылды.