«Мектеп кітапханасында оқуға деген қызығушылықты дамыту: дәстүрлер мен инновациялар» библиозертханасы
18-03-2024 18:09
 «Мектеп кітапханасында оқуға деген қызығушылықты  дамыту: дәстүрлер мен инновациялар»  библиозертханасы

      2024 жылдың 18 наурызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы білім беру ұйымдарының кітапханашыларына арналған «Мектеп кітапханасында оқуға деген қызығушылықты дамыту: дәстүрлер мен инновациялар» библиозертханасын өткізді.

Библиозертханаға Шлома Наталья Александровна, Саран қаласы білім бөлімінің әдіскері; Голикова Марина Гельмутовна, Саран қаласы «№17 мектеп-гимназиясы» КММ кітапхана меңгерушісі; Галецкая Лариса Владимировна, Саран қаласы «№6 жалпы білім беретін мектебі» КММ кітапхана меңгерушісі; Смаилова Гульмира Жасымбековна, Саран қаласы «Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ кітапхана меңгерушісі; Святоха Екатерина Алексеевна, Саран қаласы «№16 жалпы білім беретін мектебі» КММ кітапхана меңгерушісі; Фартова Светлана Владимировна, Саран қаласы «№1 мектеп-лицейі» КММ кітапхана меңгерушісі заманауи кітапхана имиджі, кітапхана жұмысында қолданылатын инновациялық әдіс-тәсілдер, отбасылық кітап оқыту мәселелері бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісіп, шеберлік сағаттар көрсетті.