ҮШ ӨЛШЕМДІ КОМПЬЮТЕРЛІК МОДЕЛЬДЕУ БОЙЫНША ЧЕМПИОНАТ
26-03-2024 15:55
ҮШ ӨЛШЕМДІ КОМПЬЮТЕРЛІК МОДЕЛЬДЕУ БОЙЫНША ЧЕМПИОНАТ

2024 жылдың 26 наурызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Болашақ инженерлер» жобасы аясында үш өлшемді компьютерлік модельдеу бойынша чемпионат өткізді. Үш өлшемді компьютерлік модельдеу бойынша Чемпионат білім алушылардың инженерлік үш өлшемді модельдеуге қызығушылығын қалыптастыру үшін жағдай жасау мақсатында өткізілді.Чемпионатқа қатысушыларға қажетті техникалық жабдықтармен жарақтандырылған ұйымдастырылған мамандандырылған алаңда тапсырмалар ұсынылды (графикалық жұмыс станциялары және қажетті бағдарламалық құралдармен жабдықталған АСКОН КОМПАС-3D, Autodesk Inventor, PTC Creo Parametric).

Чемпионатқа 10-17 жас аралығында 55 жұмыс тапсырылды. Күндізгі кезеңіне 38 жұмыс іріктелді.

ЧЕМПИОНАТТЫҢ КҮНДІЗГІ КЕЗЕҢІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША 10-13 ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫ САНАТТАР АРАСЫНДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ:

І орын- Югай Олег, Теміртау қ., «№14 МЛ»КММ оқушысы.

ІІ орын- Каршыгин Нурислам, «Н. Нұрмақов атындағы ММЛИ»  КММ оқушысы.

ІІІ орын-Калыков Алинур, «Н. Нұрмақов атындағы ММЛИ»  КММ оқушысы.

Номинация «Сыни тұрғыдан ойлау» –Арцыбашева Алёна, Бұқар Жырау ауданының «Токаревка тірек мектебі (РО)» КММ оқушысы.

Номинация «Креативті ойлау» –Ульбрих Денис, Бұқар Жырау ауданының «Токаревка тірек мектебі (РО)» КММ оқушысы.  

ЧЕМПИОНАТТЫҢ КҮНДІЗГІ КЕЗЕҢІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША 14-17 ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫ САНАТТАР АРАСЫНДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ:

І орын– Аушахманов Джахангир, Қарағанды қ.  «Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейі» КММ оқушысы.

ІІ орын-Болат Муслим, «Н. Нұрмақов атындағы ММЛИ» КММ оқушысы.

ІІІ орын-Баймолдинов Арман, Бұқар Жырау ауданының «Токарев тірек мектебі (РО)» КММ оқушысы.  

Номинация «Сыни тұрғыдан ойлау» – Жанат Ислам, «Н. Нұрмақов атындағы ММЛИ» КММ оқушысы.

Номинация «Креативті ойлау» – Сафонов Семён, Бұқар Жырау ауданының «Токаревка тірек мектебі (РО)» КММ оқушысы.  

 

Чемпионат жеңімпаздарын құттықтаймыз!!!