ГЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ТАРИХ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӨКТЕМГІ МЕКТЕБІ
27-03-2024 17:52
ГЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ТАРИХ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӨКТЕМГІ МЕКТЕБІ

      Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылғы 26-27 наурыз аралығында география және тарих  пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру және әдістемелік қолдау көрсету мақсатында онлайн режимде көктемгі мектептің жұмысын ұйымдастырды.

Білім алушылар меңгере алмаған тақырыптарды "Көктемгі мектепті" өткізу үшін edutest платформасынан таңдалды. Облыстың жетекші педагогтары (14 география мұғалімі және 17 тарих мұғалімі) күрделі тақырыптар бойынша шеберлік сыныптарын өткізді, оқыту мақсаттарын ескере отырып, интернет платформаларды қолдана отырып тапсырмалар көрсетті. Тыңдаушыларды қамту 400 адамды құрады.