Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы «Шет тілінің үздік оқытушысы» облыстық байқауы
02-04-2024 12:57
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы «Шет тілінің үздік оқытушысы»  облыстық байқауы

      202жылдың 2 сәуірінде Шет тілдер колледжіндеҚарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының басшылығымен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы «Шет тілінің үздік оқытушысы»облыстық байқауыөткізді.

Байқаудыңмақсаты Қарағанды облысы ТжКОБ ұйымдарының шет тілі оқытушылары арасында кәсіби шеберлікті арттыру болып табылады.

Байқау үш кезеңде өтті, олардың әрқайсысында қатысушылар теориялық және практикалық дайындықтарын, сондай-ақ кәсіби дағдыларын көрсетті:

-I кезең (сырттай): сабақтың бейне үзіндісі;

- ІІ кезең (күндізгі): TKT (Teacher Knowledge Test) форматында тестілеу;

- ІІІ кезең (күндізгі): ауызша баяндау.

Байқауға 17 педагог қатысты.

2 және 3 кезеңдерге өткен 11 қатысушыны тәуелсіз қазылар алқасы сыни бағалады. Қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.

1 орын – Мазитова Ю.А., «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК оқытушысы;

2 орын - Абдуллина Р.Н., «Шет тілдер колледжі» ЖММ оқытушысы;

3 орын – Шамшиева Г.Б., «Теміртау көпсалалы «Мирас» колледжі» ЖММ оқытушысы.

Жеңімпаздар Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен, қатысушылар сертификаттарымен марапатталды.