«Заңгер мамандығына көзқарас» тақырыбында заңгер түлектермен сұхбат алаңы
28-03-2024 13:01
«Заңгер мамандығына көзқарас» тақырыбында заңгер түлектермен сұхбат алаңы

      2024 жылғы 28 наурыз күні «Жас заңгер» бейіндік жобасын іске асыру мақсатында Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің ұйымдастыруымен «Заңгер мамандығына көзқарас» тақырыбында заңгер түлектермен сұхбат алаңы ZOOM платформасында өтті.

Мақсаты: «Жас заңгер» бейіндік жобасына қатысушы жалпы білім беру ұйымдарына «Құқықтану» және «Заңгер» мамандықтары бойынша маман даярлайтын техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын таныстыру және талапкерлерге құқықтану мамандығы туралы мәлімет беру, мамандыққа қызығушылықтарын арттыру, мамандық тандауға жәрдемдесу.

Сұхбат алаңына  Шет ауданының «Шәкәрім атындағы негізгі мектеп» КММ, Қарқаралы ауданының «О.Жәутіков  атындағы № 1 Жалпы білім беру мектебі» КММ және барлық «Жас заңгер» жобасына қатысушы жалпы білім беру мектептері және колледж өкілдері қатысты. Шара барысында «Астана қаласының әкімдігі азаматтық қорғанысты айыптау орталығы» құрылымдық бөлімшесінің басшысы, колледж түлегі Ахметов Женис Сарыбайулы, Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің құқықтану пәндерінің оқытушысы, колледж түлегі Сагимбекова Айгуль Бейсеновна, «Орталық Қазақстан» Академиясының «Заң» факультетінің оқытушысы,  колледж түлегі  Амантаева Динара Амантаевна қатысып, өздерінің мамандықтары жайлы, қазіргі таңдағы қызметтерінің қыр-сыры туралы ақпарат берді. Шараға жалпы 54 оқытушы  қатысты.