Қарағанды облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Құқық негіздері» пәні бойынша үздік медиасабақ» облыстық байқауы
29-03-2024 13:10
Қарағанды облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында  «Құқық негіздері» пәні бойынша үздік медиасабақ» облыстық байқауы

      2024 жылдың 29 наурызында Қарағанды ​​облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы және Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының құқық негіздері пәні оқытушыларының «Құқық негіздері» пәні бойынша үздік мадиасабақ» облыстық байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты: ақпараттық технологияларды және олардың гуманитарлық цикл пәндерімен интегративтілік принципін пайдалану кезінде педагогтердің білім беру процесінің тиімділігін арттыру.

Байқауға облыс колледждерінен 9 оқытушы қатысты. Барлық қатысушылардың жұмысын тәуелсіз қазылар алқасы сыни бағалады. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

1 орын  - Койшыбаева Кундыз Жакиевна, «Қарағанды тамақтану және сервис колледжі» КМҚК құқықтық пәндер оқытушысы;

2 орын - Оралбаева Алина Амангельдиевна, «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі»  ЖММ құқықтық пәндер оқытушысы;

2 орын - Бейсембаева Гульзада Сагандыковна, «Қарағанды тамақтану және сервис колледжі» КМҚК құқықтық пәндер оқытушысы;

3 орын – Сулейменова Аймагуль Жастлековна, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚКқұқықтық пәндер оқытушысы.

Қатысушылар сертификаттармен, жеңімпаздар Қарағанды ​​облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталды