«Электромеханикалық және тау-кен жабдықтарын монтаждау және техникалық қызмет көрсету» бағыты бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы «Өз мамандығының үздігі» облыстық байқауы
29-03-2024 13:13
 «Электромеханикалық және тау-кен жабдықтарын монтаждау және техникалық қызмет көрсету» бағыты бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі  білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы «Өз мамандығының үздігі» облыстық байқауы

      2024  жылдың  29  наурызында  Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы   «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК  базасында «Электромеханикалық және тау-кен жабдықтарын монтаждау және техникалық қызмет көрсету» бағыты бойынша  техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы «Өз мамандығының үздігі» облыстық  байқауы өткізді.

Байқаудың мақсаты жұмысшы кәсібінің беделін арттыру, мамандарды даярлау сапасын жетілдіру; таңдалған мамандыққа қызығушылықты арттыру болып табылады.

Байқауға «Электромеханикалық жабдықтарды жөндеу, пайдалану және техникалық қызмет көрсету (түрлері және салалар бойынша)», «Жерасты электірслесірі» мамандықтар  бойынша ТжКОБ ұйымдарының  студенттері қатысты.

Байқауүш  модульдер бойынша өткізілді:

А Модулі теориялық бөлім: кен электр жабдықтарын пайдалану кезінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын білу.

В Модулітеориялық бөлім: ПВИ-125Б кен стартерінің жұмыс принципін білу, принципті электр схемасын оқу.

С Модулітәжірибелік бөлім: КУ-92 батырмасын ПВИ-125Б стартерге  қосу және стартерді қосу.

Қатысушылар әр модульде теориялық және практикалық дайындықтарын, сондай-ақ кәсіби дағдыларын көрсетті.

Барлық қатысушыларды тәуелсіз қазылар алқасы, «Қазақстан», «Тентек» шахталары мен Ленин атындағы шахтаның өкілдері критериалды бағалады.

Қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

1 орын - Грачев Станислав,  «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК;

          2 орын - Зайцев Иван, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК;         

         3 орын - Беляев Владимир, «Саран техникалық колледжі» КМҚК. 

Қатысушылар  Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен және сертификаттарымен марапатталды.