Қарағанды облысының медициналық колледждерінің оқытушыларының арасындағы «Мейірбикелік білім берудің заманауи инновациялық аспектілері және мейірбике ісінің сапасын арттыру» тақырыбындағы М.С. Рахымбеков атындағы ғылыми-практикалық конференция
29-03-2024 09:52
Қарағанды облысының медициналық колледждерінің оқытушыларының арасындағы «Мейірбикелік білім берудің заманауи инновациялық аспектілері және мейірбике ісінің сапасын арттыру» тақырыбындағы М.С. Рахымбеков атындағы ғылыми-практикалық конференция

       2024 жылдың 29 наурызында Қарағанды облысында  білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы  Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжімен  бірлесіп  Қарағанды ​​облысының медициналық колледждерінің оқытушыларының арасындағы М.С. Рахымбеков атындағы ғылыми-практикалық конференциясын  өткізді.

Ғылыми-практикалық конференция оқытушыларға заманауи технологияларды қолдану, белсенді оқыту және оқытудың интерактивті әдістері бойынша тәжірибе мен білім алмасу платформасын ұсынды.

Конференцияға облыстың 4 медициналық колледжінің оқытушылары және 2 медициналық ұйымның практикалық қызметкерлері қатысты, қамту 32 адамды құрады.

Баяндама ұсынғандар:

Деменева Е.С., Сагимбекова Г.Р., Турнаева Е.А., Цой В.А., «Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі» КМК оқытушылары, Бекова А.А., «Балқаш қаласының медициналық колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушысы,   Амиргалина С.К., Байбалина М.Р., Майсатов С.М., «Қарағанды жоғары медициналық интерколледжі» ЖММ оқытушылары, Мусинова Н.Ж., «Қарағанды медицина университситеті» КеАҚ мейіргерлік білім беру мектебі оқытушысы және 2 медициналық ұйымынан - Черненко С.В., Қарағанды қаласы  №1 көпсалалы ауруханасының бас медбикесі,  Әлхан А., профессорХ. Макажанов атындағыкөпсалалы аурухананың Жоспарлы нейрохирургия бөлімініңмедбикесі.

 Ұсынылған баяндамалар қызықты әрі өзекті сипатқа ие болды және презентациялармен сүйемелденді.

Конференцияда клиникалық пәндерді оқыту және № 1 көпсалалы аурухананың тәлімгерлерінің жұмысы талқыланды.

Конференцияға қатысушылар «Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі»  КМК-ның медициналық білім беру мен практикалық денсаулық сақтаудың одан әрі өзара іс-қимылы және олардың арасындағы өзара іс-қимыл нысандарын дамыту үшін медициналық ұйымдардың өкілдерін шақыра отырып, медициналық колледж оқытушылары арасында облыстық ғылыми-практикалық конференция өткізу туралы бастамасын қолдады.

Конференция материалдары бойынша электронды материалдар жинағы шығарылады.