Размер шрифта:
«Жас әдіскер мектебі» шеңберіндегі облыстық семинар (Жас әдіскерлерді оқытудың екінші кезеңі)
27-03-2024 10:02
«Жас әдіскер мектебі» шеңберіндегі облыстық семинар (Жас әдіскерлерді оқытудың екінші кезеңі)

2024 жылдың 27 наурызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік  орталығының басшылығымен «Қарағанды көлік-технологиялық колледжі» КМҚК базасында «Жас әдіскер мектебі» (Жас әдіскерлерді оқытудың екінші кезеңі) аясында облыстық семинар өткізілді.

Семинар жас әдіскерлердің әдістемелік жұмыстың заманауи нысандары мен әдістері туралы білімдерін кеңейту және тереңдету мақсатында  «Әдістемелік жұмыстың заманауи нысандары мен әдістер педагогтің кәсіби өзін–өзі дамытудың тиімді білім беру кеңестігін құру факторы ретінде» тақырыбында өтті.

Семинардың ашылуында «Қарағанды көлік-технологиялық колледжі» КМҚК директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Бакирова А.Н., «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскері А. А. Кнашина, колледж әдіскерлерінің облыстық әдістемелік бірлестігінің төрайымы Кашина Е.А. сөз сөйледі.

Бұдан әрі бекітілген бағдарламаға сәйкес жауапты педагогтер тыңдаушыларға келесі жұмыстарды ұсынды:

-         «Импульс» жаттығуы, Байкадамова Р.Р., «Қарағанды теміржол колледжі» КМҚК педагог-психологы;

-         «Әдістемелік жұмыстың заманауи нысандары мен әдістері» тақырыбындағы презентациямен баяндама, Султанбекова М.Д., «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК  әдіскері;

-         «Педагогтің кәсіби өзін-өзі жетілдіру әдістері»   тақырыбындағы презентациямен баяндама, Казбекова С.Р., «Қарағанды теміржол колледжі» КМҚК әдіскері; Калиева А.М., «Қарағанды көлік-технологиялық колледжі» КМҚК әдіскері;

-         «Арал» рефлексиясы, Байкадамова Р.Р., «Қарағанды теміржол колледжі» КМҚК педагог-психологы.

Семинар соңында «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК техникалық және кәсіптік оқыту бөлімінің әдіскері А.А. Кнашина және колледж әдіскерлерінің облыстық әдістемелік бірлестігінің төрайымы Е. А. Кашина рефлексия өткізді, онда тыңдаушылар қызықтырған сұрақтарға жауап алды, ұсынымдар берілді және семинардың қорытындысы шығарылды.

Қорытындысында «Қарағанды көлік–технологиялық колледжі» КМҚК директорының кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары Е.У. Сәрсембаев «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету» құзыреттілік орталығына экскурсия өткізді.

Семинарға  облыс колледждерінің 17 әдіскері қатысты.