Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері арасындағы «Теміржол көлігіндегі қозғалысты ұйымдастыру және басқару» мамандығы бойынша облыстық кәсіби шеберлік байқауы
03-04-2024 11:42
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері арасындағы «Теміржол көлігіндегі қозғалысты ұйымдастыру және басқару» мамандығы бойынша облыстық кәсіби шеберлік байқауы

      2024 жылдың 03 сәуірінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығыҚарағанды теміржол колледжімен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері арасындағы «Теміржол көлігіндегі қозғалысты ұйымдастыру және басқару» мамандығы бойынша облыстық кәсіби шеберлік байқауын өткізді.

Байқаудың мақсаты- «Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіби шеберліктерін көрсету және жетілдіру.

Байқау тапсырмасы төрт модульден тұрды, онда қатысушылардың әрқайсысы өздерінің кәсіби дағдыларын көрсетті.

Барлық жұмыстарды тәуелсіз қазылар алқасы сыни бағалады. Отырыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

1 - орын– Толеуханова Индира Рахметжановна, «Қарағанды теміржол колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушысы;

2 -  орын– Какенова Гульзия Сагадибековна, «Қарағанды көлік-технологиялық колледжі» КМҚКарнайы пәндер  оқытушысы;

3 - орын– Байдилдаев Жанболат Нургалиевич, «Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі» КМҚКарнайы пәндер  оқытушысы.

Жеңімпаздар Қарағанды ​​облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталды.

Облыстық кезеңде 1 орын алған катысушы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы «Теміржол көлігі» мамандығы бойынша Республикалық кәсіби шеберлік байқауына қатысуға құқылы.