«Мұражайдағы сабақ» жобасы аясында «Өлкетану – тарих пен мәдениет бастауы» тақырыбындағы шеберлік сағаты
04-04-2024 16:06
«Мұражайдағы сабақ» жобасы аясында «Өлкетану – тарих пен мәдениет бастауы» тақырыбындағы шеберлік сағаты

      2024 жылдың 04 сәуірінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы қалалық және аудандық білім бөлімдерінің мұражай жұмыстарына жетекшілік ететін әдіскерлер, білім беру ұйымдары директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен мұражайға жауапты педагогтерге «Мұражайдағы сабақ» жобасы аясында «Өлкетану – тарих пен мәдениет бастауы» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді.

Шеберлік сағатта «Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музей» КМҚК бас қор сақтаушысы Орыспаева Меруерт Қадыровна және Қарағанды қаласының педагогтері: Жуматаева Акгул Советовна, «Мағжан Жұмабаев атындағы гимназиясы» КММ директордың тәрбие жұмысы орынбасары, Окимбаева Асем Еркиновна, «Бауыржан Момышұлы атындағы ЖББМ» КММ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, Адилбаева Рымжан Токеновна, «Бауыржан Момышұлы атындағы ЖББМ» КММ директордың тәрбие жұмысы орынбасары, Агадилова Эльмира Амантаевна, «Бауыржан Момышұлы атындағы ЖББМ» КММ тарих пәнінің мұғалімі, Рысбаева Салтанат Касымкановна «Әлихан Бөкейхан атындағы ЖББМ» КММ тарих пәні мұғалімі тарихи – өлкетану мұражайларының жұмыс істеу әдістерімен таныстырып, жас ұрпаққа рухани-патриоттық тәрбие беру мәселелері бойынша тәжірибелерімен бөлісті.