«Жетістік симфониясы» педагогикалық шеберлік байқауының қорытындысы шығарылды
04-04-2024 16:16
«Жетістік симфониясы» педагогикалық шеберлік байқауының қорытындысы шығарылды

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылғы 4 сәуірде «Жетістік симфониясы» жас педагогтарға арналған байқаудың алтыншы кезеңін өткізді.  Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің жас педагогтары өз мектептерінде өткізілген сабақтарын көрсетті. Сөз сөйлеу барысында сабақтарында қолданатын бағалаудың әдістері мен тәсілдерді, нысандары туралы әңгімелеп,  қызықты бақылауларға назар аударып, педагогикалық қызметте туындайдын проблемалармен бөлісті.  Алтыншы кезеңнің нәтижесі бойынша Шахтинск, Теміртау, Саран қалаларының және Бұқар-Жырау ауданының орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері үздік нәтиже көрсетті. Қатысушыларды ақтық кезеңге өткенімен құттықтаймын.