Размер шрифта:
Теміртау қаласы педагогтарының ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс тәжірибесін жинақтау және тарату бойынша облыстық семинар
19-04-2024 14:15
Теміртау қаласы педагогтарының ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс тәжірибесін жинақтау және тарату бойынша облыстық семинар

      19 сәуірде Теміртау қаласы педагогтарының ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс тәжірибесін жинақтау және тарату бойынша облыстық семинарөткізілді. Іс-шараға білім беру бөлімдерінің әдіскерлері, балабақшалардың тәрбиешілері мен арнайы педагогтары, директорлардың орынбасарлары, жалпы білім беретін мектептер мен қосымша білім беру педагогтары (барлығы 162 педагог) қатысты.

Іс-шараның пленарлық бөлімінде арнайы білім беру ұйымдарымен әлеуметтік әріптестік, инклюзивті білім берудің үздіксіздігі мен сабақтастығы, Теміртау қаласының білім беру ұйымдарында педагог кадрларды даярлау мәселелері қаралды.

Қонақтардың назарына «Аққу» және «Балдырған» арнайы балабақшаларының, №5, №8 арнайы мектеп-интернаттарының, жалпы білім беретін мектептердің, №10 ЖББМ жанындағы инклюзияны қолдау кабинетінің, қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеудің неғұрлым табысты тәжірибелерін ұсынды.

Семинарды қорытындылай келе қатысушылар ұсынылған практикалық ақпараттың өзектілігі мен үлкен көлемін, сондай-ақ тұрақты кәсіби ынтымақтастық, инклюзивті оқыту мәселелері бойынша кәсіби байланыстарды кеңейту қажеттігін атап өтті.