Размер шрифта:
Қарағанды қаласының орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері үшін «Отбасылық оқу кітапханасы» жобасын іске асыру аясында тәжірибемен алмасу
19-04-2024 18:07
Қарағанды қаласының орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері үшін «Отбасылық оқу кітапханасы» жобасын іске асыру аясында тәжірибемен алмасу

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен Қарағанды қаласының орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері, «1000 мектеп» жобасының директоры орынбасарлары үшін 2024 жылғы 19 сәуірде «Отбасылық оқу кітапханасы» жобасын іске асыру аясында  тәжірибемен алмасу семинары өтті. Семинарда ҚО ББД ОӘО әдіскері Ксения Петровна Цой «Оқушылардың оқу қызығушылығын және оқу сауаттылығын арттыру түрінде «Отбасылық оқу кітапханасы» жобасы» тақырыбын баяндады, ал Қарағанды қаласының «№ 74  ЖББМ» КММ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Онал Каламбаевна Сембекова «Оқушылардың оқу қызығулығын және оқу сауаттылығын дамыту кезінде ата-аналармен жұмыс» тақырыбында. Қарағанды қаласының «Г.Потанин атындағы ЖББМ» КММ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Надежда Юрьевна Андреева жобаны іске асыру аясында зерттеу қызметін дамыту тақырыбында тәжірибесімен алмасты.  Абай ауданының «Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-лицейі» КММ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Ольга Николаевна Попенко жобаны іске асыру аясындағы жұмысы туралы айтып берді. Семинарға Қарағанды қаласының 40 педагогы қатысты.