Размер шрифта:
«Заманауи білім беруде Қанипа Бітібаеваның инновациялық технологиясы мен педагогикалық тағылымы» ІІ облыстық панорамалық сабақтар байқауының ақтық кезеңі
24-04-2024 18:53
«Заманауи білім беруде Қанипа Бітібаеваның инновациялық технологиясы мен педагогикалық тағылымы» ІІ облыстық панорамалық сабақтар байқауының ақтық кезеңі

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2024 жыл 24 сәуір Қарағанды қаласы, «Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында «Заманауи білім беруде Қанипа Бітібаеваның инновациялық технологиясы мен педагогикалық тағылымы» ІІ облыстық панорамалық сабақтар байқауының ақтық кезеңін өткізді.

Панорамалық сабақтар байқауының арнайы қонағы ретінде Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты директорының инновациялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Бақытгүл Омарғалиқызы шақырылды.  Профессор, Қарағанды облысы білім басқармасы басшысының кеңесшісі, ҚР ұлттық білім Академиясының корреспондент мүшесі Қонтаев Сабит Сеитович қазылар алқасының төрағасы ретінде қазылық жасады.

Іріктеуден өткен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері 2 бағыттан тұратын ақтық кезеңге қатысты. «Шеберлік белгісі – түрлі әдісті болу» бағыты бойынша 5 мұғалім үздік сабақ жоспары бойынша шеберлік сабақтар беріп, іс-тәжірибелерін ортаға салды. Нәтижесінде «Шеберліктің белгісі – түрлі әдісті болу» номинациясы бойынша № 29 жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі Аюуш Айнагул І орын, Ахмет Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі Сатыбалдина Лаззат Сериковна ІІ орын, Жұмабек Тәшенев атындағы жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі Сакенова Мархабат Калиевна ІІІ орын иеленді. Панорамалық сабақтарын «Qtalks»жобасы негізінде «Зияткер» мамандандырылған мектеп-лицейінің мұғалімі Жаманкузова Гульнара Куатовна І орын, Н. Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының мұғалімі Қуандық Нұрбану Серікқызы ІІ орын, Қошқар тірек мектебінің (ро) мұғалімі Амандыкова Куаныш Абдрахманкызы ІІІ орынмен марапатталды. Қалған қатысушы мұғалімдерге Алғыс хаттар берілді.

Байқау Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің  ұстаздарынан құралған «Назқоңыр» квартетінің орындауында «Сарқылмайтын сағынышым –Хан апа» әнімен басталып, «Жас Сарбаздар» тәрбиеленушілерінің шағын концертімен аяқталды. 

         Іс-шараға 200-ге жуық педагогтер қатысты.