Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы негізінде 5-8 қараша аралығында облыстық және аудандық мектептердің мұғалімдеріне арналған оқыту семинар-практикумдары өтуде.
06-11-2014 07:16
Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы негізінде 5-8 қараша аралығында облыстық және аудандық мектептердің мұғалімдеріне арналған оқыту семинар-практикумдары өтуде.

Мектепте робототехника оқытылатын болады

Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы негізінде 5-8 қараша аралығында облыстық және аудандық мектептердің мұғалімдеріне арналған оқыту семинар-практикумдары өтуде. Семинар барысында мұғалімдерді робототехника курсының теориялық және әдістемелік негіздерімен таныстырады.

Мұғалімдер тәжірибе барысында роботтарды бағдарламалау және құрумен таныса алады.

Семинар қатысушыларының алдында Қарағанды облысының Білім басқармасының басшысы Асхат Аймағамбетов кіріспе сөзін жолдады: «Тамыз педагогикалық кеңесінде облыс әкімі Н.Әбдібеков Білім басқармасының алдына бірнеше міндет қойды, соның бірі - мектептерде робототехника курсын енгізу. Робототехника және мехатроника баянсыз болашақ емес – бұл бүгінгі күннің талабы. Әкім облысының тапсырмасынан кейін қажет жабдықтарды -  LEGO роботтарын сатып алдық. Қазіргі таңда Санкт-Петербургтік мекемемен, сондай-ақ Сколков фондының резиденті болып табылатын «RoboEd» мекемесімен  бірге жұмыс жасаудамыз. Бұл әріптестік бүгінгі робототехника бойынша мұғалімдерге арналған курсын ұйымдастыруға ықпал етті».

Қарағанды облысының Білім басқармасы мұғалімдерді оқыту мақсатында робототехника бойынша мамандарды тарту жұмыстарын жүргізуде.

Семинарды Санкт-Петербургтен шақырылған қонақ – Капитонов Александр Александрович жүргізеді.

«Бірнеше күннің ішінде мұғалімдермен бірге жұмыс істей отыра, роботтарды құрып, оларды бағдарламалаймыз. Механикадан бастап, физиканың негіздерін қозғап, математиканы да қамтимыз. Бұның бәрі бір бұйымды жасауда қолданылады. Семинардың соңында сайыстарда қатыса алатын  бұйымды құрамыз, мысалы, сумо», - деп Александр Александрович өз ойымен бөлісті.

«Робототехника» лабораториясының міндеті – оқушылардың жаңашыл техникалық білімді алуға деген құштарлығын дамыту. Ал бұл ЭКСПО – 2017 көрмесінің алдында аса өзекті мәселе болып табылатыны ешкімге құпия емес.

А.В.БОДНАР,

 «Ізденіс»