«Қазақстанда инклюзивті білім беру: мәселелері және келешегі» Республикалық семинар
23-09-2016 09:00
«Қазақстанда инклюзивті білім беру: мәселелері және келешегі» Республикалық семинар

 2016 жылдың  23 қыркүйегінде «Инклюзивті балабақша – инклюзивті  мектеп – инклюзивті  колледж»  республикалық  пилоттық  жоба шеңберінде  «Қазақстанда инклюзивті  білім  беру: мәселелері  және келешегі»  тақырыбында  Республикалық семинар өтті.

Семинарға  Мәскеу  қаласының  инклюзивті  білім  беруді  дамыту бойынша  Ресурстық  орталығының,  Ы. Алтынсарин Ұлттық білім академиясының, Түзету педагогикасының Ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталығының, облыстық және Астана, Алматы қалаларының білім басқармаларының  өкілдері, барлық деңгейдегі білім бөлімдерінің басшылары мен әдіскерлері, білім беру ұйымдарының, қоғамдық ұйымдардың  басшылары, БАҚ  қатысты.

Республикалық семинар  шеңберінде  күннің  бірінші  жартысында қонақтар  инклюзивті  білім  беруді  жүзеге  асыратын білім беру ұйымдарына  барды: Қарағанды қаласының №53 «Алмагүл»  балабақшасы, Қарағанды қаласының №27 ЖББОМ қарауындағы Ресурстық орталық, Қарағанды  техникалық-құрылыс колледжі;  күннің  екінші  жартысында «Нұр Отан»  партиясының  Ақ  залында  дөңгелек  үстел  өтті.

Семинарға  барлығы  200 адам, оның ішінде Қазақстан Республикасының  14  облысынан  47  адам  қатысты.