2016 жылдың 27 қыркүйегінде Теміртау техникалық колледжінде әдіскерлердің облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өткізілді
27-09-2016 04:28
2016 жылдың 27 қыркүйегінде Теміртау техникалық колледжінде әдіскерлердің облыстық  әдістемелік бірлестігінің отырысы өткізілді

   Нормативті-құқықтық базаға сәйкес, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары әдіскерлерінің құжаттарын педагогикалық үрдіс қызметіне сай реттеп,  бірізді жүйеге келтіруді қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылдың 27 қыркүйегінде Теміртау техникалық колледжінде әдіскерлердің облыстық  әдістемелік бірлестігінің отырысы өткізілді.

   Теміртау техникалық колледжінің директоры Елубаев Бауыржан Санакович әдіскерлер жұмысына табыс тілеп, жаңа оқу жылымен құттықтады.

   2016-2017 оқу жылына арналған негізгі бағыттар жөнінде әдістемелік бірлестіктің жетекшісі Жакупова К.З. баяндады.

   Әдістемелік қызмет көрсету және Теміртау техникалық колледжінің «Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе мектебі» арасында тәжірибе алмасу өткізілді.

    Отырыс барысында қазақ тілі және әдебиеті оқытушылары М.Н. Атчабарова мен Г.А. Терекбаева дайындаған үш тілділік элементтерінен құрылған, ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Үш бәйтерек – үш арыс» тақырыбында сабақтан тыс іс-шарасы өткізілді. 

         Отырыс барысында жасалған жұмыс жемісті болды.