2016 жылдың 4 қазанында Қарағанды коммерциялық колледжінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларының ОӘБ отырысы өтті
04-10-2016 03:04
2016 жылдың 4 қазанында Қарағанды  коммерциялық колледжінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларының ОӘБ отырысы өтті

     2016 жылдың 4 қазанында Қарағанды  коммерциялық колледжінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.

    Отырыс қатысушыларын Қарағанды облысы білім басқармасы қызметкерлерді басқару бөлімінің бас маманы Жумагельдина  Жанат Амангельдиновна «Колледждің педагог қызметкерлерін және оларға теңестірілген тұлғаларды атестаттау» жөніндегі Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 2016 жылдың 27 қаңтарындағы №83 бұйрығымен таныстырды.

    ҚО ББД ОӘО Эксперттік кеңесінің әдіскері Сарсекеева  Гульмира  Сериковна «Атестаттаудан өтетін оқытушының құжаттарын рәсімдеуге қойылатын талаптар» тақырыбында баяндама ұсынды.

   Аталған бағыт бойынша әдістемелік бірлестік жетекшісі Гожа Наталья Владимировна директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларының құжаттамаларына енгізілген жаңалықтармен таныстырды. Отырыс жұмысына қатысқан облыс колледждері  директорлары орынбасарларының саны – 31.