2017 жылдың 12 қаңтарында Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде Қарағанды облысының колледждері мен дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың директорлары болды.
12-01-2017 06:43
2017 жылдың 12 қаңтарында Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде  Қарағанды облысының колледждері мен дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың директорлары болды.

     2017 жылдың 12 қаңтарында Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде  Қарағанды облысының колледждері мен дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың директорлары болды. Ал оқу орындары жетекшілерінің техникалық жоғары оқу орнына арнайы келуі туралы бастаманы жақында ҚарМТУ-ға келген сапарында Қарағанды облыстық Білім беру басқармасының басшысы А.Қ. Аймағамбетов көтерген болатын.  

      Бүгінде арнаулы орта оқу орындары үшін мектеп, колледж және жоғары оқу орны арасындағы сабақтастық мәселесі аса маңызды. Сонымен қатар, колледж студенттерінің ғылыми-зерттеу бағытындағы ізденістерін дамыту бойынша жоғары оқу орындарымен бірлесе жұмыс істеу де қажет. Қазіргі уақытта адамның кәсіби тұрғыдан жетістікке жетуі оның шығармашылық әлеуетіне байланысты. Сондықтан, жалпы жоғары білім беріп келген жүйені әр шәкірттің шығармашылық тұрғыдан дамуына бағытталған жүйе алмастыруы керек. Колледж студенттерінің зерттеу жұмыстарына араласуы оларды жоғары оқу орнына түсерде бәсекеге қабілетті етеді, ал зерттеуге бейімділігі өзгелерден озық болуына, кәсіби маман ретінде мейлінше жедел қалыптасуына септігін тигізеді.

        Айта кету керек, колледждер мен дарынды балаларға арналған мектептердің директорлары ҚарМТУ-мен бірлескен жұмыстарға бек разы және осы жоғары оқу орнымен әріптестікті кеңейте түсу мақсатында алдағы уақытта келісім-шарт жасасуға әзір.