Әдіскер

 

Дауыпбаева Умит Токеновна

   Лауазымы әдіскер

   Телефон:  8(7212)506116

   e-mail: ymitd@mail.ru

 

            

1. Лауазымдық міндеттері: Аудан (қала) педагогтерімен әдістемелік жұмысты ұйымдастырады, курсаралық кезеңдегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін зерделейді. Білім беру ұйымдарын жетекшілік ететін мәселелері бойынша әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Мамандықтар бойынша педагогтердің біліктілігін арттыруды болжайды және жоспарлайды. Педагогтердің оқу-әдістемелік құжаттарын (дидактикалық материалдарды), семинарларын, конференцияларын, конкурстарын, олимпиадаларын әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады. Педагогтер мен білім беру ұйымдарының инновациялық және тәжірибелік-эксперименттік қызметінің нәтижелерін талдайды және қорытады. Білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтарына оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысын ұйымдастыруда консультациялық және практикалық көмек көрсетеді. Педагогтерге көмек ретінде библиографиялық анықтамалар, әзірлемелер, тестік және басқа да материалдар жасайды, оларды әдістемелік кабинеттерге, аудан (қала) педагогтарының назарына жеткізеді. Оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық тәжірибесі туралы ақпаратты жинақтайды және таратады. Мониторинг жүргізеді және педагогтердің, білім беру ұйымдары басшыларының неғұрлым нәтижелі тәжірибесін таратады. Педагогикалық қызметкерлердің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді. Білім алушылардың конкурстарын, көрмелерін, олимпиадаларын, слеттерін, жарыстарын өткізу бойынша қажетті құжаттаманы ұйымдастырады және әзірлейді. Қажетті есептіліктерді дайындап, ұсынуды қамтамасыз етеді.

2. «Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы инклюзивті білім беру» жетекшілік ететін мәселесі бойынша білім беру ұйымдарына әдістемелік қолдау көрсетеді.  Инклюзивті білім беру бойынша облыстық және қалалық әдістемелік кабинеттердің мамандарымен және әдіскерлерімен, мектептердің, түзету мектеп-интернаттарының, балалар үйінің педагогтерімен жұмысты ұйымдастырады. Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы инклюзивті білім берудің тиімділігін зерттейді және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді.

3. Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын және білім беру ұйымдары қызметінің мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерді, берудің мемлекеттік стандарттарын, педагогика және жас ерекшелік психологиясы негіздерін, дидактика принциптерін, жалпы және жеке оқыту әдістерін, әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принципін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормалары; санитарлық ережелер мен нормалар.

  

Вакансия


Лаузымы: Арнайы түзету және инклюзивті білім беру бөлімінің меңгерушісі

Телефон: 

 

 e-mail:

Арнайы түзету және инклюзивті білім беру бөлімінің меңгерушісі Қосымша білім беру және білім беру тәрбие бастамаларын дамыту бөлімінің қызметіне басшылық жасайды, бөлім қызметінің бағыты бойынша ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады, жоспарлы тапсырмалардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді, әдіскерлердің жұмысын үйлестіреді;  бөлім қызметінің бағыты бойынша ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады, жұмыс жоспарының орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді, педагогтардың, әдіскерлер мен мамандардың жұмысын үйлестіреді;  компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады; бөлім қызметінің бағыты бойынша әдіскерлерді, педагогтар мен мамандарды оқытуды қамтамасыз етеді, инновациялық әдістемелік материалдарды, технологияларды, әдістемелерді игеруге және әзірлеуге көмек көрсетеді;  білім беру процесін жетілдіру және бөлім қызметінің бағыты бойынша әдістемелік жұмысты басқару бойынша ұсыныстар енгізеді;  Бөлім қызметінің бағыты бойынша білім беру процесін жетілдіру және әдістемелік жұмысты басқару жөнінде ұсыныстар енгізеді; педагогтерді аттестаттау және біліктілік санаттарын беру (растау) рәсімін дайындауға және өткізуге қатысады; Директорлар орынбасарларының тәрбие жұмысы, Діни экстремизмнің алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие, ата-аналар қоғамдастығы жөніндегі жұмыс бағыттарына жетекшілік етеді; айрықша талап ететін инклюзивті білім беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету оқыту барлық басқарушы қызметкерлерді, педагогтар мен мамандарды (педагог-психологтар, педагог-дефектологтар, әлеуметтік педагогтар) жалпы білім беру ұйымдарында адамдармен жұмыс мәселелері бойынша кезең-кезеңімен қайта даярлау; білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің инклюзивті білім беруді іске асыру мәселелері бойынша біліктілігін арттыру, ерекше оқытуға мұқтаж адамдармен жұмыс істеу әдістері, кемсітушілікті жою және жағымсыз жағдайларды шешу дағдылары, негізгі кемсітушілікті жою және жағымсыз жағдайларды шешу, адам құқықтарының негіздерін зерттеу дағдылары. Инклюзивті білім беруде оқытудың инновациялық модельдерін, әдістері мен технологияларын қолдану, озық халықаралық тәжірибені зерделеу және қолдану; білім беру жүйесіндегі инклюзивті процестердің тиімділік өлшемдерін әзірлеу.
Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды, педагогикалық жұмыс өтілін кемінде 5 жыл растайтын құжат.