«БІЗДІҢ АЙНАЛАМЫЗДАҒЫ МАТЕМАТИКА» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ПӘНАРАЛЫҚ ЫҚПАЛДАСТЫҚТЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНДА МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ
28-02-2018 10:11
«БІЗДІҢ АЙНАЛАМЫЗДАҒЫ МАТЕМАТИКА» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ПӘНАРАЛЫҚ ЫҚПАЛДАСТЫҚТЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП  ОҚУШЫЛАРЫНДА МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ

  28 ақпан 2018 жылы Қарағанды облысы ұстаздарына арналған Қарағанды облысы білім беруді дамыту оқыту – әдістемелік  орталығының ұйымдастыруымен «Біздің айналамыздағы математика» жобасы аясында Бұқар жырау ауданы «Көкпекті жалпы білім беру орта мектебі» КММ- де Ростовка тірек мектебімен біріккен облыстық семинар өтті.

  Семинар мақсаты: Бастауыш сыныпта пәнаралық ықпалдастықты қолдана отырып, функционалды сауаттылықты қалыптастыру және дамыту  бойынша жобаны жүзеге асыруды көрсету.

  Көкпекті жалпы білім беру орта мектебі  мен Ростовка тірек мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері әр- түрлі әдіс- тәсілдерді пайдалана отырып, математика пәні мен басқа пәндердің арасындағы байланысты көрсете отырып: ашық сабақтар, танымдық калейдоскоп, интеллектуалды ойындар түрінде сыныптан тыс іс- шараларды қызықты түрлендіріп, басқа пәндерді кіріктіре отырып өткізді. Сонымен қатар, семинардың белсенді мүшелері ретінде ата- аналар «Мен және менің айналамдағы әлем» тақырыбындағы тренингке қатысты.

  Семинарға Бұқар жырау, Абай, Жаңаарқа, Ақтоғай, Шет, Ұлытау аудандарының және Шахтинск, Абай, Қарағанды қалаларының бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.