28 ақпан 2018 жылы Қарағанды облысы ұстаздарына арналған Қарағанды облысы білім беруді дамыту оқыту – әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Біздің айналамыздағы математика» жобасы аясында Бұқар жырау ауданы «Көкпекті жалпы білім беру орта мектебі» КММ- де Ростовка тірек мектебімен біріккен облыстық семинар өтті.
Семинар мақсаты: Бастауыш сыныпта пәнаралық ықпалдастықты қолдана отырып, функционалды сауаттылықты қалыптастыру және дамыту бойынша жобаны жүзеге асыруды көрсету.
Көкпекті жалпы білім беру орта мектебі мен Ростовка тірек мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері әр- түрлі әдіс- тәсілдерді пайдалана отырып, математика пәні мен басқа пәндердің арасындағы байланысты көрсете отырып: ашық сабақтар, танымдық калейдоскоп, интеллектуалды ойындар түрінде сыныптан тыс іс- шараларды қызықты түрлендіріп, басқа пәндерді кіріктіре отырып өткізді. Сонымен қатар, семинардың белсенді мүшелері ретінде ата- аналар «Мен және менің айналамдағы әлем» тақырыбындағы тренингке қатысты.
Семинарға Бұқар жырау, Абай, Жаңаарқа, Ақтоғай, Шет, Ұлытау аудандарының және Шахтинск, Абай, Қарағанды қалаларының бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.