2014 жылдың 24 желтоқсанында ҚО ББД ОӘО әдіскері Г. Мұратқызымен Абай ауданы Топар кентінің Корниенко атындағы ЖББОМ-де «Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқытудың әдістемесі мен технологиясы» тақырыбында Абай, Саран қалалары мен Осакаров, Нұра аудандарының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған облыстық семинар өткізілді.
2014 жылдың 24 желтоқсанында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Жезқазған қаласының К.И. Сәтбаев атындағы №7 мектебінде «Физика, химия, биология, география пәндерін оқытуда функционалдық салауаттылықты қалыптастырудың белсенді түрлері мен әдістері» тақырыбында семинар ұйымдастырылып өткізілді.
Білім беру ұйымдарындағы іс-қағаздарын жүргізуші мамандарға мектепішілік құжаттарды сауатты жүргізудің бірізге түсуіне ықпал ету мақсатында ұйымдастырылған «Іс-қағаздар жүргізушілер» мектебінің екінші тобы «Білім беру ұйымдарындағы іс-қағаздарды жүргізу мәселесі» тақырыбында кәсіби өсу мектебін аяқтады.
24 желтоқсанда Қарағанды политехникалық колледжінде Облыстық колледждер арасында Сәкен Сейфуллиннің 120 жылдығына арналған «Алаштың арынды, ақиық ақыны –Сәкен» атты байқау өтті.
Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында 2014 жылдың 24 желтоқсанында «Ағылшын тілі сабағында жобалық іс-әрекетті ұйымдастыру» атты семинар өтті.
Қазақстан Республикасының премьер - министрі Б.С. Сапарбаевтың тапсырмасын орындау мақсатында, «Мектептердегі және колледждердегі кәсіптік бағдар беру жұмысын жандандыру» тақырыбында 24- желтоқсанда onlain жүйесінде семинар өтті.
БЖЖ сарайы және ОС директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, балаларға қосымша білім беруді үйлестіруші әдіскерлерге арналған оқытушы семинар өткізді.
Облыстық әдістемелік бірлестік аясында «Ең үздік әдістемелік әзірлеме 2014» байқауы өтті.
2014 жылдың 19 желтоқсанында облыстық әкімдік ғимаратында «Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және кадрларды даярлау бойынша кеңес өтті».
«Іс-қағаздар жүргізушілер» мектебінің алғашқы тобы «Білім беру ұйымдарындағы іс-қағаздарды жүргізу мәселесі» тақырыбында кәсіби өсу мектебін аяқтады.
2014-жылдың 18-желтоқсанында Кәсіби өсу мектебі аясында семинар өтті. Семинар тақырыбы: «Өзі-өзі тану сабағындағы тәмсіл әңгіме».
Желтоқсан айында Қарқаралы ауданының 3 мектебі мен білім бөлімі аймақтық танымдық «Bilimal» жобасына енді.