2015 жылдың 12 қарашасында Қарағанды облысы білім беруді дамытуды оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды технология және сервис колледжінде ТжКБ педагог-психологтарының облыстық әдістемелік бірлестігі аясында «Кәсіби өсу мектебінің» кезекті семинарын өткізді.
2015 жылдың 11 – қараша күні Балқаш қаласы №5 жалпы білім беретін орта мектеп қабырғасында «Қарағанды облысының білім беру мекемелерінде діни экстремизмнің алдын алу шараларын жандандыру» тақырыбындағы семинар Балқаш, Приозерск қалалары, Ақтоғай ауданының педагогтары үшін өткізілді.
2015 жылдың қараша айының 4-10 аралығында күзгі демалыста Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Microsoft Excel құрал жабдықтары" тақырыбында мектеп директорларының орынбасарлары мен білім бөлімдерінің әдіскерлеріне арналған облыстық семинар өтті.
2015 жылдың 3-9 қарашасы аралығында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында дуалды оқыту жүйесін енгізу негізінде эксперименттік бағдарламаларды жүзеге асыру қорытындысы бойынша рефлексивтік есептерді алдын ала қорғау жұмыстары жүргізілді.
2015 жылдың 9 қарашасында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың тілдік және коммуникативтік (қатысымдық) құзырлықтарын қалыптастыру» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған облыстық семинар өтті.
2015 жылдың 4-5 қараша күндері Балқаш қаласында орта білім беру ұйымдарының психологтері арасында «Жылдың үздік психологі» IV Республикалық байқауы өтті.
4-5 қарашасында «Өсу сатысы» тақырыбында мектепке дейінгі мекемелердің әдіскерлеріне арналған «Жас әдіскер» мектебінің екінші модулі өтті.
2015 жылдың 6 қарашасында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығында жұмыс тобының отырысы өтті. Отырысқа Қарағанды облысы колледждерінен 9 оқытушы қатысты.
2015 жылдың 12 қарашасында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу- әдістемелік орталығында білім жүйесіне дуалды оқытудың эксперименттік қызметін енгізу бойынша жұмыс жасайтын колледждердің рефлексивтік есебі облыстық Эксперттік Кеңес отырысында қорғалады деп жоспарлануда.
2015 жылғы 3 қарашадағы № 75 «Кәсіби сынау жұмысын өткізу туралы» бұйрығына сәйкес, ТжКБ ұйымдарында мектеп оқушыларына арналған кәсіби сынау жұмыстары басталды.
«Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» оқыту семинарлары - 2,3,4,23,24 қараша 2015 жыл
2015 жылдың 30 қазанында Теміртау политехникалық колледжінде «Ресурстық орталық құру және оның болашағы мен даму жолдары тақырыбында семинар өткізілді.





umc-ro@umckrg.gov.kz

