Қарағанды облысында кәмелет жасқа толмағандар арасындағы суицидтің алдын алу жобасын енгізу бойынша Жол картасын жүзеге асыру шеңберінде білім басқармасы 2017 жылдың 27 ақпаны мен 03 наурызы аралығында білім беру ұйымдарының педагог-психологтарын оқытудың бірінші кезеңін өткізеді.
Семинар ұзақтығы 54 сағат. Оқудан облыс 18 аймақтарының орта білім беру ұйымдарының, ТжКБ, арнайы (түзету) мектеп-интернаттарының, балалар үйлерінің, мамандандырылған мектеп-интернаттарының 200 педагог-психологы өтеді.
Оқудың екінші және үшінші кезеңдерін 100 педагог-психолог жалғастырады.
Оқуды «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы» өткізеді.