2017 жылдың 27 ақпан күні Жаңаарқа ауданының Б.Амалбеков атындағы орта мектеп базасында облыстық «Бір аймақ-бір кітап» акциясы аясында «Кітап-өмір ұстазы» тақырыбында онлайн-семинар өткізілді.
27-02-2017 03:26

     Семинар барысында келесі іс-шаралар көрсетілді:

     №132 ЖОББМ - «Ыбырай-балалар әдебиетінің атасы» атты әдеби монтаж;

     С.Сейфуллин атындағы ЖОББМ - Б.Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» шығармасы бойынша әдеби-танымдық ойын;

     О.Жұмабеков атындағы ЖОББМ - Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» романы бойынша «Ұшқан ұя-ұлт өнегесі, даналық мектебі» тақырыбында өнеге сағаты;

     Б.Амалбеков атындағы ЖОББМ ұстаздары оқушы, ата-аналардың қатысуымен Д.Исабековтың «Гауһартас» повесі бойынша «READх-оқы-оқуға ұмтыл» форматында «Гауһартас» повесі-нәзік сезімнің символы» атты әдеби пікірталас өткізді.