«Дизайн және киімдерді үлгілеу» құзіреттілігі бойынша Worldskills аймақтық чемпионаты
2017 жылдың 1 наурызында Қарағанды технология және сервис колледжінде «Дизайн және киімдерді үлгілеу» құзіреттілігі бойынша
Worldskills аймақтық чемпионаты басталды. Конкурсқа 5 колледжден 8 студент қатысуда. Сонымен қатар аталған байқауға Қарағанды облысы білім басқармасының, білім беруді дамытудың оқу - әдістемелік орталығының өкілдері қатысты.
Конкурс алдында бас сарапшы жұмыс шарттары мен міндеттерін түсіндірді. Бірінші күні байқау қатысушылары 2 модульдің тапсырмаларын орындады.