Размер шрифта:
«Бастауыш мектептегі жобалық – зерттеулік жұмыстар» семинары
12-12-2014 04:25
«Бастауыш мектептегі жобалық – зерттеулік жұмыстар» семинары

«Бастауыш мектептегі жобалық – зерттеулік жұмыстар» семинары

      2014 жылдың  10 желтоқсан күні Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында бастауыш сынып мұғалімдері үшін «Бастауыш мектептегі жобалық – зерттеулік жұмыстар» тақырыбында семинар өтті.

      Семинардың мақсаты – нәтижелі педагогикалық технологияларды жобалық – зерттеу жұмысына енгізуде бастауыш сынып мұғалімдерінің тәжірибесі мен кәсіби білім өрісін  кеңейту.

      Семинар барысында мұғалімдер жобалық жұмыс пен ғылыми зерттеудің негізгі кезеңдерімен, «зерттеулік оқытуды» жүзеге асырудың 3 сатысымен және оқушылардың жоба жұмыстарының тиімділігін қамтамасыз етумен танысты.

      Семинарға Жезқазған, Қаражал, Теміртау, Приозерск қалалары мен Шет, Жаңаарқа, Абай, Нұра, Бұқар-Жырау аудандарының бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.