Размер шрифта:
Бастауыш сыныпта жаңартылған білім беру мазмұнын және критериалдық бағалауды жүзеге асыру
03-03-2017 12:02
Бастауыш сыныпта жаңартылған білім беру мазмұнын және критериалдық бағалауды жүзеге асыру

       2017 жылдың 3 наурызы күні «№38 гимназия» КММ-де Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының бастамасымен «Бастауыш сыныпта жаңартылған білім беру мазмұнын және критериалдық бағалауды жүзеге асыру» тақырыбында семинар өткізілді.

      Семинарға бірінші сыныптарда жұмыс жасайтын мұғалімдер, Абай, Бұқар Жырау, Осакаров, Ақтоғай, Қарқаралы, Нұра, Ұлытау, Шет, Жаңаарқа аудандары мен Саран, Жезқазған, Сатпаев, Приозерск, Теміртау, Балқаш, Шахтинск, Қарағанды қалаларының критериалдық бағалау бойынша мектепішілік және аймақтық  үлестірушілері қатысты.  

      Семинардың мақсаты: Бастауыш сыныпта жаңартылған білім беру мазмұнын және критериалдық бағалауды жүзеге асыру бойынша педагогикалық тәжірибе алмасу.  

      Семинардың бағдарламасында педагогтерге арналған практикалық сабақтар өткізілді: «Жаңартылған білім беру мазмұнын жүзеге асыру» коучингі, критериалдық бағалау үдерісінің технологиялық картасын әзірлеу бойынша тренинг. 

      Оқу мақсаттарына, жетістік критерийлеріне, сабақ кезеңдеріне, тиімді оқыту және формативтік бағалауға ерекше көңіл бөлінді. 

      Қарағанды қаласының педагогтері Малхасян Е. Г., Зинькова А. Н., Филонова Е. П., Авдеева Н. М., Яушева Р. К., Петрова И. С.  ашық сабақтар мен практикалық сабақтар өткізді. 

     Семинардың құндылығы – педагогтердің практика жүзінде жұмыс жасауы және жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу бойынша осы тәжірибе аясында білім беру үрдісінде мүмкіндіктерді пайдалану.