2017 жылдың 03 наурызда ММИ Мұрегер мектебінде «Робототехника бойынша заманауи сабақтың мүмкіншілігі: 3D моделдеу мен жанбітірім» тақырыптаробототехникадан шебер-сынып өтті.
Оған Қарағанды қаласының сонымен қатар Сарань, Шахтинск қалалары мен Шет ауданы мектептерінің мұғалімдері қатысты.
Қатысушыларға аталған мектептің информатика және робототехника мұғалімі Гульмира Муратовна асқан шеберлікпен қазіргі таңда 3D моделдеудің оқушыларға ауадай қажет екенін дәлелді түрде түсіндіріп өтті.
Аталған мектептің 7 сынып оқушылары Мукашев Даниил және Ауесхан Адиль 3D моделдеуде өздерінің жобаларында қандай бағдарламанықолданғаны туралы айта отырып, принтерден шығарып3D принтердің мүмкіншілігін іс жүзінде көрсетті.
Гульмира Муратовнаның шәкірті 9 сыныптың оқушысы Сайлкеев Алихан мұғалімдердің сұрақтарына жауап бере отырып, корпусын 3D принтер арқылы шығарғанын, Arduino платасында С++ бағдарламасын жақсы меңгергенін Bioloid-тықозғалыста көрсету арқылыөз қолымен жасағанын дәлелдеді. Алихан робототехникаға қызығушылығы артқан және де ізденген кез-келген оқушының қолынан келетініне көзімізді жеткізді.
Қатысушылар осы мектептің ұстазына және шәкірттеріне алғыстарын айтып, келешекте табыстар мен жетістіктер тіледі.
Ұстаздар сабақтың ерекшелігі мен қызықтығы, робототехника ұғымын түсінуде әдістемелік көмектің керектігін және де осындай кездесулердің қажет екендігін атап өтті.