Размер шрифта:
Қарағанды облысы өнер мектептерінің педагогтарына арналған «Фортепиано» сыныбы бойынша шеберлік сыныбы өтті.
06-03-2017 09:28
Қарағанды облысы өнер мектептерінің педагогтарына арналған «Фортепиано» сыныбы бойынша шеберлік сыныбы өтті.

       2017 жылдың 06 наурызында Қарағанды қаласының №1 Балалар музыка мектебінің базасында стажер алаңдарының музыкалық бағыт бойынша жұмыс жоспарын орындау шеңберінде балалар музыка мектептерінің, Қарағанды облысы өнер мектептерінің педагогтарына арналған «Фортепиано» сыныбы бойынша шеберлік сыныбы өтті.

      Шеберлік сыныбын Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің «Арнайы фортепиано» сыныбы бойынша педагогтары: Холопайнен Елена Васильевна, Мустафина Куляй Машрабовна, Дякина Елена Викторовна өткізді.

         Іс-шараға Қарағанды облысының 10 аймағынан 47 педагог қатысты.