Үстіміздегі жылдың 10 наурыз күні республикалық ақпараттық кампанияның «Өмірге ИӘ деп айт» атты айлығына қатысу кезеңінің тәмамдалуы аясында Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Шашубай кентінің «Мектеп-балабақша кешені»базасындағы тірек мектебінің ауылдық ресурстық орталығында қауіпсіз интернетті қолдануға арналған зияткерлік-морфлогиялық сүзгішті орнату бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл кампания қоғамның назарын баланы оның өмірі мен денсаулығына қатер тудыратын жағымсыз ықпалдағы ақпараттардан, насихаттаулар мен үгіттеулерден қорғауға аударуға бағытталған болатын.
Ағымдағы жылдың 16 ақпан күні республикалық «КТК» телеарнасынан Алматы қаласының мектептеріндеге пилоттық жоба туралы бағдарлама берілді.
17 ақпан күні «Greenet» ЖШС бас директоры А. Жакеновпен ауылдық оқушылардың Интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сүзгіш жобасын енгізу туралы келіссөздер жүргізілді. Келіссөздер оң шешімін тапты. «Greenet» ЖШС бас директор А. Жакеновтің қолдауымен ауылдық мектепке пилоттық жобаны ақысыз негізде орнатуға әлеуметтік серіктес болуды ұйғарды. Үстіміздегі жылдың 18-19 ақпан күндері компания қызметкерлерімен біріге отырып, сертификаттар мен сүзу жүйесін орнату бойынша қашықтықтан техникалық жұмыстар жүргізілді. Үстіміздегі жылдың 20 ақпан күні мектепке «Greenet» ЖШС бағдарламашыларымен құрастырылған сертификаттар мен интернетті сүзгіштен өткізу бағдарламасы орнатылды. Бағдарлама жеке компьютерлерді, моноблоктарды және ноутбуктарды қосқанда 130 компьютерді біріктіретін бірыңғай мектептік жергілікті желіге орнатылды.
Сүзгіштің ерекше жүйесі заңсыз интернет-ресурстарына, жағымсыз сипаттағы сұраныстарға (зорлау мен қорлау көріністеріне, порнографияға, есірткіге, экстремизмге, құмар ойындарға және суицидке итермелейтін сайттарға) блоктік құрсау қояды. Егер жасөспірімдер өлім топтары туралы қандай да бір ақпарат тауып алғысы келсе, оған қолжетімділік жабық болады. Бірақ бұл жүйе тек мектеп қабырғасында ғана қызмет жасайды, сондықтан да мектептен тыс жерлерде балалар үшін жауапкергшілік ата-анаға артылады.
Үстіміздегі жылдың 20 ақпан күні сүзгіш жүйесінің жұмысын ұйымдастыру және мониторингілеу бойынша мектепте комиссия құрылды. Оның құрамына мектеп әкімшілігінің мүшелері (директор және оның орынбасарлары), әлеуметтік педагог Тлеулина А.Б., мектеп психологі Айнекова А.С., жалпы мектептік ата-аналар комитетінің төрағысы Абрахманова А.Ж., мектеп аға тәлімгері Сеитова М.С. , мектептің физиотерапевтік кабинетінің медициналық қыметкеріАбильдинов Б.З., информатика пәнінің мұғалідері Айнеков Е.А., Мустафина Ж.А. енді.
Үстіміздегі жылдың 20 ақпан күні жүйенің мектептегі қызметімен танысу үшін мектепке Шашубай кентінің әкімі Исбеков Д.А. , Ақтоғай аудандық мәслихатының депутаты, «ТоқырауынСуЖылу» ЖШС директоры Мангишев Н., кәмелетке толмаған жасөспірімдердің жұмысы жөніндегі инспектор, Ақтоғай ауданының ІІБ полициясы кент бөлімінің полиция лейтенанты Мейізбекұлы М., «Балдырған» балабақшасның меңгерушіс іАкбергенова Ф.М. шақырылды. Сонымен қатар жергілікті әлеумет тұрғындары да шақырылды , олар – 7-11- сынып оқушыларының ата-аналары, Шашубай кенті әкімдігінің бас манаы Сериков Д.Б., Шашубай кентінің қоғамдық кеңесінің төрағысы Нокербеков К., «Шашубай тағылымы» ҚҰ жетекшісі Когай Ю.В., «Альянс» Ресурстық орталығы» Қоғамдық қорының жетекшісі Ныгметуллина Ш.К.
Мектеп бойынша интернетті сүзгіштен өткізу жүйесінің жұмысын бақылау «IT- технологиялары» Құзіреттілік орталығына жүктелді.
Фильтр Интернет желісіндегі жағымсыз контенттен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кез келген қауіпті сайттарға құрсау қоюға қабілетті. Бұл әзірге пилоттық жоба ғана болғанымен, өзінің нәтижелерін көрсетуде.
Сүзгіш орнатылғаннан кейін Шашубай кентінің «МББК» КММ «ІТ-технологиялар» Құзіреттілік орталығының қызметкерлерімен педагогикалық ұжым мен оқушылардың жұмыс істеуіне арналған қажетті сайттардың«таза» (рұқсат етілген) тізімін қоса отырып, өзіндік тексеру жұмыстары жүргізілді.
Күн сайын сайттарға кіру мониторингі жүргізіліп отырады, сайттарға кіру тізімдері тексеріледі және қажетті жағдайда оларға толық құрсау қою бойынша ұсыныстар енгізіліп отырады. Бағдарлама белгілі бір кезең бойынша ғана емес, нақты бір күнге сәйкес сандар бойынша және презентациялар диаграммасының статистикасын көруге мүмкіндік бере алады.
2017 жылдың 20 ақпан мен 05 наурыз аралығындағы сүзгіштен өткізу бағдарламасының сараптамасы::
- 99401 сұраныс өңдеуден өткізілді, оның ішінде 29843 (30%) құрсау қойылды.
- мысалы, «Іздеу жүйелері мен порталдары» бөлімі бойынша 26751 сұраныс түсті, 21852 өңдеуден өткізілді, оның ішінде 4899 (18,3%) құрсау қойылды;
- мысалы,«Веб-пошта» бөлімі бойынша 10711 сұраныс болды, 7096 өңдеуден өткізілді, оның ішінде 3615 (33,75%) құрсау қойылды;
- мысалы,«Білім беру» бөлімі бойынша 1071сұраныс болды, оның ішінде 63 (5,88%) құрсау қойылды;
- мысалы, «Заңсыз бағдарламалық қамтамасыз ету»бөлімі бойынша 6 сұраныс, «Порнография және зорлау» бойынша 4 сұраныс, «Күмәнді мазмұндағы сайттар» бойынша 3 сұраныс болды – барлығына 100% құрсау қойылды.
Бүгінгі таңда сүзгіш толық көлемде жұмыс істеуде, ешқандай кемшілік туған жоқ. Тек бір ғана айтарлықтай кемшілігі – сайттарды ашу және файлдарды көшіру барысында нтернет желісінің жылдамдығы едәуір төмендеп кетті. «Greenet»ЖШС-мен осы мәселені жою жолында оңтайлы шешім табу бойынша белсенді жұмыстар жүргізілу үстінде.