Размер шрифта:
«Кәсібибағдар берушілер мектебі» семинары
10-03-2017 13:42
 «Кәсібибағдар берушілер мектебі» семинары

         2017 жылдың  10 наурызында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында білім беру ұйымдарында «кәсібибағдар берушілер» тобын құру арқылы педагогтардың кәсіби құзіреттілігін арттыру мақсатында «Кәсіби бағдар берушілер мектебі» семинары өтті.

        Семинарға балалар үйлерінің, арнайы мектеп-интернаттарының, жалпы білім беретін мектептердің директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты.

       «Кәсіби бағдар беру. Оның білім беру үрдісіндегі орны және рөлі» тақырыбында ҚО ББД ОӘО директорының орынбасары Асакаева Дана Саламатовна баяндады.

      ҚО ББД ОӘО директорының орынбасары Сулейменов Руслан Хасанович «Bilimal» порталы арқылы мектеп және колледж арасындағы кәсіби бағдар жұмысын жүйеге келтіру» жөнінде кеңінен түсіндірді.

      Аймақтық кәсіпкерлер палатасының әлеуметтік серіктестік және адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы  Оспанова Карлыгаш Асановна кәсіпорында экскурсия жүргізу сұрақтары төңірегінде баяндама жасады.